Қазақ тілі — мой родной язык

Девочка рисует фломастером на уроке

Менің ана тілім — қазақ тілі. Қазақтардың ана тілі қазақ тілі. Мен орыс тілінде сөйлеймін, ағылшын тілін аздап білемін. Өзбек, қырғыз тілдерін түсінемін. Мен екі тіл білемін. Олар: орыс тілі мен қазақ тілі. Мен орысша, қазақша жақсы сөйлеймін, оқимын, жазамын. Екеуі де — ана  тілім. Орыс тілі мен қазақ тілі арқылы екі халықтың мәдени байлығын жақсы білемін. Бұл — үлкен рухани байлық. Қазақ тілі — мемлекеттік тіл, ол біздің келешек жүмысымызда керек.

Қазақ тілі туралы орыс зерттеуші — ғалымдары В.В.Радлов: «Қазақтардың тілі — жатық та шешен, әрі өткір»- десе, П.М.Мелиоранский: «Қазақ тілін зерттеушілердің бәрі де бірауыздан қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза әрі ең бай тіл деп куәландырып отыр», — деген.

Расында да, қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына жататын бай да көркем, көне тілдердің бірі. Қазақ тілінен басқа түркі тілдерінің тобына: әзербайжан, қырғыз, өзбек, татар, түркімен, чуваш, қарақалпақ, түрік, башқүрт, якут (саха), тува, хакас, алтай, құмық, қарашай, балкар, гагауз, үйғыр тілдері жатады.

Түркі тілдерінің тобына көне қыпшақ-ноғайлы тобын: қазақ, ноғай, қарақалпақ, қарашай, балкар, қырғыз, татар, башқұрт, құмық тілдері жатады.

Түркі тілдерінің туыстығы олардың лексикалық мағыналарынан, дыбыстық жүйелерінен, грамматикалық құрылыстарынан байқалады. Сонымен қатар түркі тілдерінің өзіндік фонетикалық, лексикалық, грамматикалық өзгешеліктері де болады. Мәселен:

  1. Басқа түркі тілдерінде сөз басында И дыбысы келетін жерде, қазақ тілінде Ж дыбысы айтылып жазылады. Мысалы: иол-жол, иаш-жас, йыл-жыл.
  2. Басқа түркі тілдерінде сөз басында Ш дыбысы келетін жерде, қазақ тілінде С дыбысы айтылып жазылады. Мысалы: баш-бас, таш-тас.
  3. Басқа түркі тілдерінде -ЛАР көптік жалғауы дыбыс үндестігіне байланысты өзгермейді, ал қазақ тілінде бұл жалғау -ЛАР, -ЛЕР, -ДАР, -ДЕР, -ТАР, -ТЕР болып өзгереді. Мысалы: атлар-аттар, иыллар-жылдар.

Қазақ тілі оқылу үшін, үйірмелер ашылды. Қазақ тілі, әдеби тіл жайында көптеген лекциялар оқылды. Халық көп жиналды. Сұраулар да көп болды. Кел, достар, тіл үйренейік.

Слова:

зерттеуші — исследователь
жатық — вежливый
шешен — красноречивый
бірауыздан — единогласно
куәландырып отыр — свидетельствуют
расында — воистину
көркем — красивый
құрылыс — стройка, сооружение
байқалады — наблюдались
өзгешеліктері — отличия
көптік — множественное